«Тоттенхэм» - «МЮ» кездесуіне болжам

21.05.2025, 17:37

Еуропа лигасының финалында ағылшын премьер-лигасының қос клубы жолығады.

«Тоттенхэм» - «МЮ» кездесуіне болжам
«Тоттенхэм» - «МЮ» кездесуі

Ішкі біріншілікті өте сәтсіз өткізген командалардың қайсысы еурокубокті олжалап, маусымды көңілді нотада аяқтайды?  

Ангелос Постекоглудың командасы АПЛ-дегі тартыстан күдер үзгелі бар күшін осында салуда. ЕЛ-да лондондықтар тек бір-ақ кездесуде жеңіліпті - 1/8 финалда «АЗ» Алкмаардан сырт алаңда ұтылған ойын - 0:1. Бұдан басқасының барлығында тек тиімді нәтижеге жетіп отырған. Енді бүгінгі қарсыласымен статистикасына зер салсақ. Командалардың өзара кездесулеріндегі басымдық «Тоттенхэм» жағында - соңғы 6 матчта жеңіске жеткен. Оның үстіне соңғы үш кездесу лондондықтардың үстемдігімен аяқталған, екі матч АПЛ-де (3:0 сыртта, 1:0 үйінде). Тағы Англия Кубогінің ширек финалындағы бір бәсеке. Жалпы, биыл «МЮ» лондондықтарға өте ыңғайлы әрі сәтті қарсылас деуге болады. Тағы бір айта кетерлігі, «Тоттенхэм» Еуропа лигасында қорғанысымен ерекшеленеді: бүкіл турнир бойы тек 13 доп жіберген. Оның ішінде бес ойында мүлде қақпасына гол жібермеген. 

«МЮ» жағдайы да «Тоттенхэмге» ұқсас - АПЛ-де соңғы тур алдында бар болғаны 16-орын. Ал Еуропа лигасында бұл мүлде басқа команда. Рубен Аморимнің шәкірттері турнир барысында жеңіліс таппаған жалғыз команда саналады. Сондай-ақ, ең нәтижелісі де манкуниандықтар екенін айта кету керек - 35 гол. Енді бүгін Бильбаодағы финалдық матчта осының бәріне сенімді нүкте қоя ала ма? 

Біздің болжам ЕЛ-ның финалдық кездесуіндегі голдар саны 2.5-тен көп болады. Бұған Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде 1.97 коэффициентімен бәс тігуге мүмкіндік бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×