Трансферлік терезенің соңғы күнінде орын алған трансферлер

01.09.2021, 16:17
Жаздың соңғы күнінде өте көп трансферлер жасалды. Тіпті трансферлік терезенің жабылуына екі минут қалғанда орын алған ауысымдар болған екен.
Трансферлік терезенің соңғы күнінде орын алған трансферлер

Кеше түнде Еуропадағы жазғы трансферлік терезенің мерзімі аяқталды. Жаздың соңғы күнінде өте көп трансферлер жасалды. Тіпті трансферлік терезенің жабылуына екі минут қалғанда орын алған ауысымдар болған екен. Ендеше, осы күні командасын ауыстырған ойыншылардың есімдерін атап өтейік.

• Эдуардо Камавинга "Реал Мадрид" ойыншысы атанды. 18 жастағы жартылай қорғаушының трансферлік құны 31 миллион еуроны құрады. Келісім-шарт алты жылға есептелген

• "Спортингтің" сол қапталда ойнайтын қорғаушысы Нуну Мендеш мансабын Парижде жалғастырады. ПСЖ 19 жастағы футболшыны сатып алу мүмкіндігімен (40 миллион еуро) жалға алды.

• Дэниел Джеймс "Манчестер Юнайтед" командасынан "Лидс" сапына ауысты. Келісім-шарт 2026 жылға дейін жарамды. Трансфер құны - 28 миллион еуро.

• Жером Боатенг "Лион" клубымен келісім-шартқа отырды. Ол франциялық клубқа еркін агент ретінде қосылды.

• "Вест Хэм" ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Николо Влашичті қатарға қосты. Трансфер құны 29 миллион еуроны құрады. Ал келісім-шарт бес жылға есептелген.

• "Арсенал" "Болонья" клубы мен Жапония құрамасының қорғаушысы Такехиро Томиясуды 20 миллион еуроға сатып алды.

• "Хетафе" клубының қорғаушысы Марк Кукурелья мансабын "Брайтонда" жалғастырады. Трансфер құны - 18 миллион еуро.

• "Арсеналдың" 21 жастағы шабуылшысы Рис Нельсон маусым соңына дейін "Фейеноорд" сапында жалға ойнайды.

• "Челси" "Атлетико Мадридтің" жартылай қорғаушысы Саульді жалға алды (5 миллион еуро)

• "Барселонаның" 18 жастағы жартылай қорғаушысы Илайш Морибаны "РБ Лейпциг" 15 миллион еуроға сатып алды. Келісім-шарт 5 жылға жасалды.

• "Лестер Сити" "Фулхэмнің" 23 жастағы жартылай қорғаушысы Адемола Лукманды маусым соңына дейін жалға алды.

• "Арсеналдың" 26 жасар қорғаушысы Эктор Бельерин мансабын "Бетис" клубында жалғастырады. Испаниялық клуб футболшыны келесі жазда сатып алу мүмкіндігімен жалға алды.

• 23 жастағы шабуылшы Одсонн Эдуар "Кристал Пэлас" клубымен келісім-шартқа отырды. "Селтик" өз футболшысы үшін англиялық клубтан 15 миллион фунт стерлинг алды.

• Венесуэла құрамасының шабуылшысы Саломон Рондон еркін агент ретінде "Эвертонға" ауысты. Келісім-шарт екі жылға есептелген.

• Кот-д'Ивуар құрамасының қорғаушысы Серж Орье "Тоттенхэммен" келісім-шартты бұзып, еркін агент атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×