Тұлғаларға жасалған тағзым

10.11.2013, 00:19
Тұлғаларға жасалған тағзым

Футболда тарихи адамдар көп және солар үшін құрмет те көп. Сол тарихта қалған футболшылар артына із қалдырып жүреді. Тарихи футболшыларымыз өз командасы үшін жанын қиюға да дайын болды. Міне, солар үшін атақ пен құрмет айтқысыз білдіріледі. Тек футболшылар ғана емес бапкерлерде үлкен құрметке ие. Енді футбол тарихында із қалдырып өздерінің атына көше аты берілген футболшылардың ондығын ұсынбақшымын.

1. Мэтт Басби. Атақты «Манчестер Юнайтедтің» экс-бапкері. Бұрын осы ұлы бапкер бар кезінде «Басби балақайлары» атанған команда талай белестерге жетті. Мюнхен әуе апатынан аман қалғандардың бірі. Қазір де аңыз бапкер Мэтт Басбидің атында Манчестер қаласының бір көшесі бар. 2. Марк-Вивьен Фоэ. Камерун құрамасының экс-жартылай қорғаушысы. 2003 жылғы Конфедерация Кубогінде болған жағдайдан кейін. Фоэ әлемді шулатты. Өйткені ол Конфедерация Кубогінің жолында қаза тапты, жасыл алаңда ажал құшты. Франциялық «Ланс» клубының көшбасшысы болған Фоэнің есімінде көшебар. Фоэнің атындағы көше «Ланс» командасының жергілікті аренасынан алыс емес. Марк-Вивьен сол кездегі футбол тарландарының бірі болды. 3. Эммануэль Эменике. Түріктің «Фенербахче» командасының шабуылшысы. Нигерияның атақты ойыншысы. «Фенербахчені» талай өрге сүйреген қара маржанның бірі. Нигерия құрамасын әлемге танытқан сұрмерген. Эменикенің атында Нигерияда бір көше бар. 4. Джон Чарльз. Ағылшындық «Лидс Юнайтедтің» экс-жартылай уқорғаушысы. Бұл да Фоэнің кейпін кешкендердің бірі. Жасыла лаңда ақтық сапарға атанды. «Лидс Юнайтедтің» алаңына жақын жерде Джон Чарльз атындағы көше бар. Керек десеңіз команданың екінші құрамасының аренасының аты да Джон Чарльз. 5. Аллесандро Дель Пьеро. Аустралиялық «Сидней» клубының форварды. Италияндық Дель Пьеро «Ювентусте» жүрген кезде атағы дүркіреген кез еді. Нағыз аңыз адам. Алайда мұхит асып «Сидней» командасынан орын тепті. Қазірде Сиднейлік клубпен біраз нәрсеге қол жеткізді. Аңыз Дель Пьероның есімінде де көше бар. 6. Жозе Мауринью. Лондондық «Челсидің» бапкері Португалия футболының құрметті адамы. «Порту» клубына алғаш Еуропа Кубогін алып берді. Жозенің футболдағы ұшқыр ойларының арқасында талай мықты командалардың тізгінін ұстады. Негізі португалдық мамандар футбол тактикасын жақсы шығарады. Жозе Мауриньюнің құрметіне Португалияда бір көше бар. 7. Ладислав Кубала. Каталондық «Барселонаның» экс-шабуылшысы. Бір кездері каталондық клубтың ең үздік сұрмергені атанып әлемді ауызына қаратты. Венгрия, Чехословакия, Испания, Каталония құрамаларында ойнады. Клубтық карьерасын аяқтағаннан кейін бапкер атанды. Алғашқы жылдарын осы «Барселона» командасын біраз жаттықтарып, кейiн Испания ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Былайша айтқанда Испания футболына үлес қосқандардың бірі. Сондықтанда Каталонияда Ладислав Кубала атындағы көше бар. 8. Пак Чи Сон. ПСВ-нің жартылай қорғаушысы. Пак Чи Сон Оңтүстік Кореяның нағыз плеймикері әрі мақтанышы. Оңт. Кореядан шыққан алғашқы УЕФА чемпионы. Пак Чи Сон кореялықтардың футболды нашар ойнай алмайтындығын көрсетті. «МЮ» пен бірге талай жетістікке жеткен бірінші кореялық. Әрі Оңт. Кореяны әлем мундиалына жеткізіп жүргендердің бірі. Сондықтанда Оңт. Кореяда Пак Чи Сон есімді көше бар. 9. Тим Кэхилл. «Нью-Йорк Ред Буллз» шабуылшысы. Аустралия құрамасының атақты футболшысы. Нью-Йорктік клубтың бомбардирі. Аустралияның бірнеше рет үздік футболшысы атанды.Кэхиллдің есіміне Аустралиядан бір көше берілген. 10. Мануэль Пеллегрини. Ағылшындық «Манчестер Ситидің» бапкері. Чилилік Мануэль Еуропа төріне келгелі ұзалық жылдар өтті. Талай гранд клубтарды басшысы атанып көптеген жетістіктерге жетті. Чилилік бапкердің осал еместігін көрсетті. «Реал»М, «Малага» сынды клубтарының тізгінін ұстады. Қазірде Мануэль Пеллегрини есімді Чилиде бір көше бар. Айтпақшы жақында Манчестер көшелерінің біріне де  сэр Алекс Фергюсонның есімі берілді. Саламат Оңалдықов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×