«Тұран» клубында Қырғызстан құрамасының екі ойыншысы қаралымнан өтіп жатыр

06.07.2021, 22:48
Бапкерлер құрамы әлі нақты шешім қабылдаған жоқ.
«Тұран» клубында Қырғызстан құрамасының екі ойыншысы қаралымнан өтіп жатыр

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тұран" сапында Қырғызстан құрамасының екі ойыншысы қаралымнан өтіп жатыр.

Артқы жартылай қорғаушысы Фархат Мұсабеков пен қаптал қорғаушысы Александр Мищенко "Тобылмен" болатын матч алдында түркістандық клубқа келіп, Шымкентте командасымен бірге жаттығуда. Көп ұзамай "Тұранның" бапкерлер құрамы қырғыз футболшыларының тағдыры туралы шешім қабылдауы керек.

Екеуі де өз елінде "Дордой" клубының намысын қорғауда, сондай-ақ шетелде де өнер көрсетті. Мұсабеков бірнеше жыл бұрын молдовалық "Академия", Қырым чемпионатындағы "ТСК Таврия" және өзбекстандық "Алмалық" командаларында доп тепті. 23 жастағы Мишенко - "Боруссия Мёнхенглахдбахтың" тәрбиеленушісі және жас кезінде Германияның аймақтық лигаларында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×