Екі тараптың келісімі бойынша Максим Федин, Александр Клещенко және Еркін Тапалов «Тұраннан» кетті, деп хабарлайды түркістандық клубтың баспасөз қызметі.
Максим Федин команда сапына биыл қосылып, 6 матчта алаңға шықты.
Александр Клещенко түркістандық клубпен биыл қаңтар айында келісім-шартқа отырды. Содан бері «Тұран» жейдесінде 11 ойынға қатысты.
Еркін Тапалов биылғы жылдың қаңтар айынан бері команда сапында өнер көрсетті және 9 матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET