Фархадбек Ирисметов «Тұран» спорт директоры атанды, деп хабарлайды түркістандық клубтың баспасөз қызметі.
40 жастағы маман өткен маусымда «Тұран» футбол клубының бапкерлер штабында қызмет еткен болатын.
Футболшы ретінде Қазақстанның 9 клубында өнер көрсеткен. Үш дүркін ел чемпионы (2002, 2003, 2010) атанып, екі мәрте ел кубогі (2007, 2011) мен Суперкубогін (2012) жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET