«Тұран» - «Жетісу» кездесуіне болжам

03.05.2025, 16:58

Премьер-лиганың 9-12-ші командаларының арасындағы теке-тірес кімнің басымдығымен өтеді?

«Тұран» - «Жетісу» кездесуіне болжам
Әбинұр Нұрымбет

Виталий Жуковскийдің клубы өткен турда оңтүстік дербиде «Ордабасыдан» ұтылған - 0:1. Оған дейін бірнеше сәтті матч өткізді, азулы «Астанамен» ұпай бөліскенін ерекше айтып өткен жөн. Жалпы, Қазақстанда жемісті еңбегімен таныс Беларусь бапкері Түркістанда да тәп-тәуір ұжым жасақтай алды. «Тұранды» өрге сүйреп жүрген Әбинұр Нұрымбетті қазірдің өзінде ұлттық командаға тарту керек деген пікірлер айтылып жүр. Сондай-ақ, түркістандықтардың тағы бір маңызды футболшысына айналған өзбекстандық Бехруз Аскаровқа да тоқталған жөн.  Жуковскийдің командасында шыңдала түскен «Пахтакор» түлегін Өзбекстан құрамасының болашағына балауда. Қысқасы, биылғы «Тұран» өте қызықты ұжымның бірі. 

Самат Смақовтың дисквалификациясы әлі біткен жоқ. Талдықорғандық клуб қатарынан үш матч, Кубоктегі «Тобылмен» кездесуді қосқанда 4 ойында гол сала алмай келеді. 6-турда тіптен өзінің алаңында «Елімайдан» ойсырай ұтылып, өте қауқарсыз көрінген еді. 

Біздің болжам - екінші тайм тоталы 1-ден көп болады. Fonbet.kz бұған 1.72 коэффициент береді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×