«Түркістан-Аренада» ұлттық құраманың матчтары өте ме?

06.03.2021, 03:50
Еліміздің жастар құрамасы дәл осы стадионда өнер көрсетуі мүмкін.
«Түркістан-Аренада» ұлттық құраманың матчтары өте ме?

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин «Түркістан-Арена» туралы және осы стадионда өтетін Ұлттық құраманың ойындары жайлы өз ойымен бөлісті:

- Біздің өте қасиетті, киелі Түркістан жерімізде, осындай керемет стадион салынғанына өте қуанып отырмыз. Осындай стадиондар бүкіл Қазақстан қалаларында, біздің жасөспірімдеріміз үшін салынса, өте жақсы болады деп ойлаймын. Бұл стадионда Премьер-лигада бақ сынайтын «Тұран» командасы ойнайтын болады, осындай әдемі ғимарат салынғанына өте қуанышты болып отырмыз. Және де, Түркістан облысының әкімдігіне үлкен рахмет айтып кеткіміз келеді.

- Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, осы стадионда неғұрлым көп ойын өткізілсе деген тілегін білдіріп, Қазақстан футбол федерациясына өзінің алғысын айтты. Сізден сұрайын дегеніміз, болашақта Ұлттық құраманың ойындары осы жаңа стадионда өткізілуі мүмкін бе?

- Әрине өтуі мүмкін, неге десеңіз, осы стадионда үлкен матчтарды өткізу керек. Болашақта «Түркістан-Аренада» Ұлттық құраманың жолдастық кездесулерінің бірін және де Қазақстан жастар құрамасының ойындарын өткіземіз деген үміттеміз. Қайталап айтамын, стадион өте керемет, айта берсек - сөз көп.

- Стадион УЕФА талаптарына сай келе ме?

- Иә, талаптардың бәріне сай, стадион өзіне 7 500 адамды сыйдыра алады, егер жан-жағына трибуналар қойсақ, 10 000 адамды өзіне қабылдайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×