Түркістанда жаңа футбол клубы құрылды

06.04.2022, 15:29
Аталмыш клуб биыл Екінші лигада бақ сынайды.
Түркістанда жаңа футбол клубы құрылды

Түркістан облысында «Арыс» деген атаумен жаңа футбол клубы құрылды.

Клубты Премьер-лигадағы «Тұранның» құрылуына үлес қосқан Ерғазы Медетбеков құрды. Алайда, қазіргі команданың 2018 жылы құрылған «Арысқа» еш қатысы жоқ.

Жаңа клубтың бас бапкері болып Абдухалық Бөрібаев тағайындалды. 53 жастағы қазақстандық маман «Тұранды» 2019-2021 жылдар аралығында жаттықтырды. Оның жетекшілігімен «Тұран» (ол кезде «Арыс» деп аталған) алғашқы маусымында Бірінші лигаға жолдама алса, бір жылдан кейін Премьер-лигаға жолдама алды. Алайда қазақстандық маман «Тұранның» бас бапкері ретінде ҚПЛ-дағы алғашқы маусымын аяқтай алмай, 2021 жылдың 24 қыркүйегінде денсаулығына байланысты қызметінен кетті.

«Арыс» биыл Екінші лигада бақ сынайды. Клуб алдағы маусымға дайындық аясында «Тараз-Қаратау» (0:1) және «Қыран» (0:3) командаларымен жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. Қазақстан кубогінің алғашқы кезеңі аясында «Ақтөбе Сити» командасына қарсы алғашқы ресми ойынын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×