Түркияда футболан Қазақстан мен Беларусь чемпионатының қола жүлдегерлері жолдастық кездесу өткізуде

24.02.2012, 02:48
Түркияда футболан Қазақстан мен Беларусь чемпионатының қола жүлдегерлері жолдастық кездесу өткізуде
Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақтөбе» мен «Гомель» футбол клубтары жолдастық кездесуі өткізіп жатыр.
Өткен маусымда ақтөбеліктер Қазақстан Премьер лигасында, ал гомельдіктер Белорус Жоғары лигасында қола жүлдегер атанған болатын. Бұл ойын Астана уақыты бойынша 17:00-де басталды. Бұл екі команда өз қалаларының аттарымен аталады. Мәселен 1959 жылы құрылған «Гомель» командасы 2003 жыл Беларусь чемпионы, 1999, 2011 жылдары қола жүлдегер, 2001/02 және 2010/11 жылдары Беларусь кубогының иегері атанды. Оны 2009 жылдан бері Олег Михайлович Кубарев жаттықтырып келе жатыр. Ал ақтөбеліктерді 2006 жылдан бері Владимр Мухановтың баптауда.  Олар   2007, 2008, 2009 жылдары ел чемпионы, 2010 жыл күміс, ал былтыр қола жүлдегер атанды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×