УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» ҰТЫЛЫП ҚАЛДЫ

26.02.2014, 18:42
УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» ҰТЫЛЫП ҚАЛДЫ
УЕФА Чемпиондар лигасы – әр жанкүйердің түн ұйқысын ұрлаған «ұлы той». Керемет кездесулер күтіп тұр алдымызда. Сол бір күндермен ойындарға жетуге асығып-ақ жүрміз. Дымымызды құртқан ойындарды алдағы уақыттан күтеміз. Ал бүгінгі кездесулердің өзі аладопқа арбалғандар үшін армансыз айыз қандырарлық ойындар болмақ. Ресейлік «Зенит» пен былтырғы маусымның финалисі Дортмундтық «Боруссия» және «Олимпиакос» пен «Манчестер Юнайтед»  клубтары арасындағы кездесулер бүгінге жоспарланған. Серік ҚАНТАЕВ. УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ. Плей-офф кезеңі (алғашқы кездесулер). Зенит Боруссия   Төреші Колламның ысқырығы естілісімен онақтар Лодыгин қорғаған қақпаға лап берді. Ұрымтал тұстардың бірінде Мхитарян гол салса араға минут қане салып Ройс есепті еселеп кетті. Бар- жоғы бес минуттың ішінде өз алаңыдарында екі гол жіберіп үлгерді. «Көк жейделерді» үстеріне көмкеріп келген жанкүйерлердің осы тұста қолдауы үстемелей түсті.  Бұл «Зенит» командасының ойыншыларына айтарлықтай қуат берді.  Бірінші таймда есепті қысқарта да, теңестіре де алмады. Келесі ойын бөлігінде Петерборлық команданың футболшылары тәп-тәуір көрсеткіштерге қол созды. Халк бастаған шабуыл Шатовтың голымен аяқталды. Осы бір қуанышты біраз уақыттар салып Левандовскидің голы су сепкендей басып кетті. Алпыс тоғызыншы минутта Халк он бір метрлік айыпдобын орындап есепті қысқартты. Тепкен добы жылдамдықпен Вайденфеллер қорғаған қақпаға оңай кіріп кетті. «Зенит» ойыншыларының есепті қысқартқандарына аз уақыт өтісімен  Тимощук шатысты. Осы бір қателікті Левандовски ұтымды пайдаланып кетті. Есеп 2:4. Бұл «Боруссия» командасы үшін қолайлы нәтиже. «ЗЕНИТ» (Ресей) – «БОРУССИЯ Д» (Германия)  2:4 (0:2). Санкт-Петербург. «Петровский» алаңы. Төреші: Уильям Коллам (Шотландия). Голдар: Мхитарян 4 (0:1), Ройс 5 (0:2), Шатов 57 (1:2), Левандовски 61 (1:3), Халк пенальти арқылы 69 (2:3), Левандовски 71 (2:4). Ескерту алды: Анюков 54, Пищек 69, Файзулин 81. «Зенит»: Юрий Лодыгин, Луиш Нету, Александр Анюков 84 (Игорь Смольник), Доменико Кришито, Николас Ломбертс, Аксель Витсель, Виктор Файзулин 84 (Александр Кержаков), Олег Шатов, Андрей Аршавин 15 (Анатолий Тимощук), Халк, Саломон Рондон. «Боруссия Д»: Роман Вайденфеллер, Мануэль Фридрих, Сократис Папстатопулос, Лукаш Пищек, Марсель Шмельцер, Себастьян Кель, Марко Ройс 85 (Йонас Хофман), Нури Шахин, Кевин Гросскройтц 90+1 (Эрик Дурм), Генрих Мхитарян 70 (Пьер-Эмерик Обамеянг), Роберт Левандовски. Олимпиакос «ОЛИМПИАКОС» (Грекия) – «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» (Англия)  2:0 (1:0). Пирей. «Георгиос Караискакис» алаңы. Төреші: Джанлука Рокки (Италия). Голдар: Домингес 38 (1:0), Кэмпбелл 55 (2:0). Ескерту алды: Эвра 3, Фердинанд 90. «Олимпиакос»: Роберто Хименес, Яннис Маниатис, Хосе Олебс, Костас Манолас, Иван Маркано, Леандро Салино, Дельвин Н Динга, Эрнан Перес 86 (Нельсон Вальдес), Хоэль Кэмпбелл 67 (Давид Фустер), Алехандро Домингес 76 (Паулу Машаду), Майкл Олайтан. «Манчестер Юнайтед»: Давид Де Хеа, Патрис Эвра, Рио Фердинанд, Крис Смоллинг, Неманья Видич, Майкл Кэррик, Эшли Янг, Том Клеверли 60 (Синдзи Кагава), Антонио Валенсия 60 (Дэнни Уэлбек), Уэйн Руни, Робин ван Перси. http://www.alaman.kz/
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×