Юрген Клопп – "Барселонаның" бас бапкерлігіне үміткер

26.02.2014, 15:27
Юрген Клопп – "Барселонаның" бас бапкерлігіне үміткер
Sport.es хабарлауынша, «Барселона» басшылығы команданың бас бапкері Херардо Мартиноның орнын басатын жаттықтырушы іздеуде. Аргентиналық маманмен арадағы келісім 2015 жылы аяқталады екен.  Басылымда 51 жастағы маманның жазғы маусымда «Барселонадан» кететіні айтылады. Каталондық клубтың бас бапкерлігіне үміткерлер қатарында Эрнесто Вальверденің («Атлетик»), Луис Энрикенің («Сельта»), Андре Виллаш-Боаштың, Диего Симеоне («Атлетико») мен Юрген Клопптың («Боруссия», Дортмунд) аты аталады. Сонымен бірге Роберто Мартинес («Эвертон») пен Винченцо Монтелланың («Фиорентина») да үміткерлер қатарына қосылуы әбден мүмкін. Дайындаған: Өмірбек Сансызбай http://massaget.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×