UEFA өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

10.04.2015, 01:53
UEFA өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде «Әлеуметтік диалог» бағдарламасы бойынша UEFA өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға федерация жетекшілері, халықаралық және заң бөлімінің қызметкерлері, Кәсіпқой футбол лигасының қызметкерлері, Қазақстан футболшыларының кәсіподағы, Премьер-лига клубтарының өкілдері, сонымен қатар, ECA, EPFL, FIFPro және UEFA өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша UEFA  заң  департаментінің өкілі Анджело Ригопулос Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне пікір білдірді.
- Бұл шараны өткізу - жақсы бастама. Ұйымдастырушы ретінде қызығушылық білдірген барлық тараптың қатысқанына қуаныштымыз. Оның ішінде - клубтар, Қазақстан футбол федерациясы, Кәсіпқой футбол лигасы, футболшылардың кәсіподағы. Қазақстанның дұрыс бағытта жүріп келе жатқаны ұнады. Атқарылып жатқан жұмыстың көп бөлігі аяқталуға жақын. Ең бастысы - ойыншылардың келісімшартының талаптарын азайту.
Еуропалық органдар - EPFL, ECA, FIFPro UEFA қазіргі жағдаймен танысуға және көмектесуге келді. Жиынның соңында талқыланған сұрақтарды сараптау бойынша уақыт бөлу керек деген қорытындыға тоқталдық. Қазақстандық тарап өзін жақсы жағынан көрсете алды. Жұмыс ортақ атқарылады және ұйымдар арасында құрылымды диалог қалыптасқан. Біз көмек көрсетуге дайынбыз. Алайда, бүгінгі шарадан кейін барлық даулы сұрақтар біз қатыспай-ақ шешіледі деп сенеміз.
- Біздің елден қандай әсер алдыңыз?
- Мен Қазақстанға екінші рет келіп отырмын. Өткен жылы Астанада тамаша ұйымдастырылған UEFA Конгресіне қатыстым. Сол сапардан кейін менде тек қана жақсы естеліктер қалғанын атап өткім келеді. Менің бүгінгі сапарым қазақстандық мамандардың дайындық деңгейінің мінсіз екенін дәлелдей түсті. Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі ауысқанымын білеміз. Президент өз қызметіне жақында кірісті, бас хатшы  бір жылға жуық жұмыс істеді. Дегенмен, конгресс уақытында жоғары деңгейде екені көрінді, ал кейбір сұрақтар бойынша жақсара түскен.
Анықтама:  Әлеуметтік диалог - UEFA бағдарламасы, кеңес беру, келіссөз жүргізу, ұйымдардың екі тараптан (менеджмент және жұмысшылар) ұсынылатын әлеуметтік серіктестігінде қолданылатын ортақ әрекеттерді қолдау үшін құрылған.
2008 жылы кәсіпқой футболда Әлеуметтік диалог бойынша комитет құрылды. Ол жұмысшыларды (Еуропалық кәсіпқой лигалардың қауымдастығы, Еуропалық клубтардың қауымдастығы), қызметкерлерді (FIFPro) және ұйымды басқарушыларды (UEFA) біріктірді. Комитетті UEFA президенті басқарады.
ҚФФ ресми сайтынан 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×