Уэльс құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

21.06.2022, 17:52
Аңыз футболшыға қылмыс жасады деген айып тағылды.
Уэльс құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Уэльс құрамасының бас бапкері Райан Гиггз қызметінен кететінін мәлімдеді.

«Көп ойланғаннан кейін мен Уэльс құрамасының бас бапкері лауазымымнан кету туралы шешім қабылдадым. Елімнің басты командасын жаттықтыру мен үшін үлкен мәртебе болды, бірақ мен Уэльс футбол қауымдастығының, жаттықтырушылар құрамы мен ойыншылардың алдағы турнирге еш алаңдамай дайындалғанын қалаймын.

Көпшілікке мәлім болғандай, мен Манчестердегі сотта қаралып жатқан қылмыстық айыптар бойынша өз кінәмді мойындамадым. Уэльс құрамасындағы қызметімді жалғастыру үшін іс тезірек қаралады деп үміттендім.

Мен бұл іске деген қызығушылық Уэльстің әлем чемпионатына дайындығына қандай да бір түрде әсер еткенін немесе қауіп төндіргенін қаламаймын. Ұлттық құраманы басқарған үш жыл ішінде бірнеше ұмытылмас сәттерді бастан өткердім. Мен өзімнің жұмысымды мақтан тұтамын және сол ерекше уақыттарды әрқашан бағалаймын», - деді Гиггз Sky Sports порталына берген сұхбатында.

Еске салайық, Райан Гиггзге 2020 жылдың қарашасында бұрынғы қызына шабуыл жасады деген айып тағылған болатын. Бұл іс бойынша сот жақын арада өтеді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×