33 жастағы украиналық қорғаушы Евгений Хачериди қазақстандық клубтардың біріне қосылуы мүмкін.
"Ұлттық футболдың екі ардагері Селезнев пен Хачеридидің футболдағы тағдыры алдағы бірнеше күнде шешіледі. Біріншісі, біз бұған дейін хабарлағанымыздай, "Рухпен" және "Олимпикпен" белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Хачериди УПЛ-де ойнамайды. Ол мансабын Әзірбайжан немесе Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. Хачеридидің өкілдері дәл қазір осы чемпионаттарға ден қояды, өйткені оның жалақы туралы талаптары УПЛ клубтарының ешқайсысына сай келмеді", - деп жазады "Динамо Киев Инсайд" телеграм-арнасы.
Евгений Хачериди бұған дейін украиналық "Олком", "Металлург-2", "Волынь" "Динамо Киев", "Динамо-2", сондай-ақ ПАОК және беларуссиялық "Динамо Брест командаларында ойнаған. Хачериди Украина құрамасында 51 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET