Ұлан Қонысбаев соққан голын анасына арнады

19.05.2013, 22:39
Ұлан Қонысбаев соққан голын анасына арнады
Қазақстан премьер лигасының 11-турында “Тараз” қақпасына доп соққан Ұлан Қонысбаев голды анасына арнады. Ойынның 33 минутында қақпаны Қонысбаев дәл көздеп, есепті 2:0-ге жеткізді. Гол соға сала жейдесін басынан асыра шешкен ол, жанкүйерлерге “Мама, туған күніңмен” деген жазуды көрсетті. Сонымен қатар, бұл әрекеті үшін Ұлан Қонысбаев сары қағаз алды. Естеріңізге сала кетейік, 11-турда “Астана” клубы “Таразды” 3:1 есебімен ұтып кетті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×