«Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Дәурен Жұмат ұлттық құрама жейдесінде өнер көрсетуді армандайтынын айтты.
Футболшы сондай-ақ, көкшетаулық клубтың мақсатымен де бөліскен болатын.
«Қазақстан ұлттық құрамасының сапында доп тебетін жоспарым бар. Ерте ме кеш пе ондай күн туады деп есептеймін. Биыл бола ма деп үміттенемін. Бұл менің арманым, жоспарым және соған қарай келе жатырмыз. Шақырту алатын сәтті күтіп жүрмін.
Ойыншылар арасында біз “неліктен еурокубокке жолдама алмасқа?” деп жүреміз. Біз әрқашан жоғары мақсат қоямыз», - деді Д. Жұмат Спорт Пульс» Youtube-арнасына берген сұқбатында.
Дәурен Жұмат биылғы біріншілікте «Оқжетпес» сапындағы 7 ойында төрт голдың авторы атанды. 25 жастағы жартылай қорғаушы ҚПЛ-2025 үздік сұрмергендерінің тізімінде тұр.