Ұлттық арнада - футбол көрсетілімдері

30.09.2011, 16:46
Ұлттық арнада - футбол көрсетілімдері
Ұлттық арна үлкен футбол ойындары көрсетілімдерін жалғастырады. Бүгін түнгі уақыт 0.55-те, УЕФА Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 2-ші туры аясындағы Израильдің «Маккабиі» мен Киевтің «Динамо» кездесуін тікелей эфирден тамашалаңыздар.
Еуропа Лигасы кезекті ойын күнінің орталық матчтары саналатын маңызды кездесулерін атап өтсек, қазандық «Рубин», грекиялық ПАОК-ты өз алаңында қабылдайды. Португалияның Жозе Альваладе стадионында «Спортинг» италиялық «Лациомен», ағылшынның «Сток Ситиі» түркиялық «Бешикташқа» қарсы ойын өткізеді. Немістің «Шальке» футбол клубы Велтинс Аренада «Маккаби Хайфаның» мысын басуға әрекеттенсе, Мәскеудің «Локомотиві» өз алаңында Бельгия чемпиондары адуында «Андерлехтпен» сынға түседі.
http://kaztrk.kz/kaz/news/sport/Ulttik_arnada_-_futbol_korsetilimderi.html#go
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×