Ұлттық құрамаға ұландарын қосқан клубтар

23.08.2011, 04:09
Ұлттық құрамаға ұландарын қосқан клубтар
Павлодардың "Ертісі"  шабуылшысы  Глеб  Мальцев пен қақпашысы Антон Цирин Түркия мен Әзірбайжан құрамаларына қарсы ойнайтын  ұлттық құрамамыздың  сапына шақырылды.Ал, еліміздің жастар құрамасы құрамына Алибек Аяғанов, Виталий Крюков және  Елдос Ахметов сынды ойыншыларын қосты.(Автор: Александр Пенно) Шымкентік клуб болса 8 бірдей ойыншысын ұлттық және жастар құрама сапына іліктірді. Ұлттық құрамаға Роман Нестеренко, Мұхтар Мұхтаров және Дәуренбек Тәжімбетов секілді саңлақтарын ұсынса, жастар сапына Самат Отарбаев, Бақдәулет Қожабаев, Евгений Лёвин, Ғафуржан Сүйімбаев және  Мардан Төлебектерді қосты.(Автор: Владимир Владеев) Ал,"Астана" сапынан жартылай қорғаушы  Дмитрий Шомко және  шабуылшы Денис Прокопенко жастар құрама сапына ілікті.(фка.кз "Тараз" ойыншылары Бауыржан Исламхан мен  Азат Битабаров та Еуропа-2013 сындарына іріктеу кезеңіндегі Румыния мен Словакияға қарсы ойынға жастар құрамасына ілікті.(Автор: Александр Пенно)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×