Ұлттық құрамамыз нешінші орында?

16.07.2020, 21:58
Баяғы жартас, сол жартас
Ұлттық құрамамыз нешінші орында?

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) әлемнің ерлер құрамалары арасында жаңартылған рейтинг жариялады.

Жаңа рейтингтің алдыңғы екеуінен еш айырмашылығы жоқ. Әлемде футбол чемпионаттары коронавирустық пандемияға байланысты үзілістен кейін қайта басталды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұған дейін екі рет тоқтатылған Қазақстан Премьер-лигасы ғана ерекшеленіп тұр. Сондай-ақ, соңғы айларда ұлттық құрамалар арасында ойындар болған жоқ. Осылайша, Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде 118-ші орынды сақтап қалды.

FIFA рейтингісі - 2020 жылдың 16 шілдесі:

1. Бельгия - 1765;

2. Франция - 1733;

3. Бразилия - 1712;

4. Англия - 1661;

5. Уругвай - 1645;

6. Хорватия - 1642;

7. Португалия - 1639;

8. Испания - 1636;

9. Аргентина - 1623;

10. Колумбия - 1622;

...

24. Украина - 1537;

38. Ресей - 1470;

66. Албания - 1356;

85. Өзбекстан - 1286;

87. Беларусь - 1283;

91. Грузия - 1267;

96. Қырғызстан - 1240;

102. Армения - 1213;

103. Эстония - 1202;

114. Әзірбайжан - 1177;

116. Солтүстік Корея - 1170;

117. Намибия - 1160;

118. Қазақстан - 1155;

118.Сьерра-Леоне - 1155;

118. Гвинея-Бисау - 1155;

121. Тәжікстан - 1152;

129. Түркіменстан - 1107;

131. Литва - 1089;

137. Латвия - 1079;

175. Молдова - 959.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×