Ұлттық құраманың ойыншысы "Фейноорд" командасында жүр

01.12.2010, 19:14
Ұлттық құраманың ойыншысы "Фейноорд" командасында жүр
Қазақстан ұлттық құрамысының шабуылшысы Сергей Хижниченко голландиялық "Фейнорд" командасында байқауда жүр.  ОЛ туралы Еуропаның біршама ақпарат көздері мәлімдеуде. Ұлттық құрамада 9 ойын өткізіп, 3 гол соққан 19-жасар шабуылшы өзіндік ойын мәнерімен көзге түскен болатын. "Кока Кола Былғары доп" турнирінің ақтық сынында гол соғып көзге түскен талантты осы кезде біршама футбол мамандары қазақ футболының ертеңіне балап жүр. Ол УЕФАның ресми сайтына берген сұқбатында "Манчестер Юнайтед" командасында ойнағанды місе тұтам деген болатын. Бірақ Димитар Бербатов пен Уэйн Рунилердің деңгейіне жетпесе де біздің Сережа Ион Даль Томмассон мен Секу Сисселерге бәсекелестік танытуға жарап қалған. Хорватия қақпасына керемет гол ұрған шабуылшымыз физикалық әлеуеті жағынан голландия біріншілігіндегі көп шабуылшыдан кем емес. Енді тек бас бапкер Марио БЕН қазақстандық футболшыны жақсы жағынан көре білсін дейік.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×