Уругвай үміті қайта жанды

20.06.2014, 08:53
Уругвай үміті қайта жанды
Биылғы Әлем чемпионатында Еуропалық командалардың аяқ алысы мардымсыз. Жарыстан ерте шығып қалған Испания құрамасынан соң, тізімді Англиялықтар жалғастырды. Сан-Паулу аренасында өткен Уругвай-Англия арасындағы кездесу ағылшындық жанкүйерлерді тағы бір күңірентті. Италияға ұтылғаннан соң, жеңіске жетеміз деп шыққан Ұлыбританиялықтар 39-минутта гол жіберіп алды. Каванидің тамаша пасын баспен қақпаға бағыттаған Суарес уругвайлықтарды алға жетеледі. Англия құрамасы есепті тек 75-минутта ғана теңестіре алды. Әлем чемпионатындағы өзінің 10-ойынында алғашқы голын Уэйн Руни соқты. Араға 10 минут салғаннан соң "Ливерпульдің" шабуылшысы Суарес көктерді көкке көтерді. Жалғыз өзі қорғаушы мен қақпашыға қарсы шығып, жақын маңнан жойқын соққы жасады. Бұл гол Уругвайға маңызды 3 ұпай әперді. Оскар ТАБАРЕС УРУГВАЙ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ Маңызды жеңіске жеткенімізге қуанып отырмын. Ойынның аяқталуына 5-минут қалған кездегі нәтиже бізді тығырыққа тірер еді. Дей тұрғанымен, бізге әлі де болса босаңсуға болмайды. Рой ХОДЖСОН АНГЛИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ

Өте мықты топқа түстік. Қарсыластарымыздың барлығы сыйлауға тұратын командалар. Бірінші таймдағы бірнеше мүмкіндігіміз голға айналған кездесудегі 3 ұпай бізге келер еді. Өткен істі қайтару мүмкін емес. Енді келесі Еуропа чемпионатына дайындаламыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

САН-ПАУЛУ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×