Уругвайдың батыры

21.11.2010, 19:04
Уругвайдың батыры

Футбол.кз сайты биылғы жылдың үздік футболшысы аптануға лайықты деп таңдалған үміткерлердің өмірі мен ойындары жайлы кеңірек таныстыруды жөн санайды. Сонымен алғашқы үміткер - Диего Форлан.

Жетістіктері :

Командалық

«Манчестер Юнайтед»:

Англия Чемпионы: 2003

Англия Кубогінің иегері: 2004

Англия Суперкубогінің иегері: 2003

«Вильярреал»:

Интертото Кубогінің иегері: 2004

«Атлетико Мадрид»:

УЕФА Европа Лигасының жеңімпазы : 2010

УЕФА Суперкубогінің иегері: 2010

Уругвай құрамасы:

Америка Кубогінің қола жүлдегері: 2004

Америка Кубогінде 4 - орын : 2007

ӘЧ, 4 – орын : 2010

Жеке жетістіктері:

Испан примерасының үздік сұрмергені: (2): 2005, 2009

«Алтын бутсы» иегері : (2) 2005, 2009

ӘЧ ең үздік ойыншысы: 2010

Уругвайда жылдың үздік спортшысы: 2010

Диего Мартин Форлан Корасо (испанша. Diego Martín Forlán Corazo 19 мамыр, 1979 жылы, Уругвайдың Монтевидео қаласында дүниеге келген). Қазіргі таңда «Атлетико Мадрид» және Уругвай құрамасының шабуылшысы. 2010 жылы ОАР-да өткен ӘЧ ең үздік ойыншысы атанған.

Алғашқы қадамдар

Форланның алғашқы әуесқой командасы аргентиналық «Индепендьенте» болған. Бұл команданың намысын уругвайлық шабуылшы 1998 жылдан 2002 жылға дейін қорғаған. «Индепендьенте» сапында өткізген төрт маусымда 77 ойын өткізіп 36 гол соғу  арқылы,  Еуропадағы алпауыт командалардың  жетекші мамандарының көздеріне іліккен болатын. Сөйтіп, 2002 жылдың қаңтар айында, 6,9 млн фунтқа «Индепендьенте» сапынан «Манчестер Юнайтед» командасына өтеді. Форлан өзінің ағылшышдық команда сапында алғашқы голын, 2003 жылдың тамыз  айында «Маккабимен» өткен чемпиондар лигасында салған болатын.  Ал оған дейін «МЮ» қатарында Англия чемпионы атанып үлгерген. 2004/05 жылғы мауым басталар алдында, манкуниандық командамен Уэйн Руни келісім-шарт жасалғаны мәлім болды. Руни келгеннен соң Форлан қосалқы құрамның ойыншысы атануы әбден мүмкін еді. Сол жағдайды ескере отырып, уругвайлық шабуылшы өзіне басқа клуб іздей бастады. «Манчестер Юнайтед» қатарында Англия чемпионатында Диего барлығы 63 ойын өткізіп, 10 гол соққан. 2004/05 жылғы маусымды Диего Форлан «Вильярреал» сапында бастап, 25 гол соғып, сол жылғы Испан премьерасының үздік сұрмергені атанып, «алтын бутсы» иегері болған. «Вильярреал» құрамында үш маусымда 106 ойын өткізіп, 54 гол соғып, Форлан бұл команданың нағыз көшбасшысына айналды. 2007/08 жылғы маусым басталар алдында Форлан 21 миллион евроға мадридтік «Атлетико» командасына өтті. Жаңа клуб сапындағы алғашқы ойыны корльдік «Реал» командасына қарсы ойнауға тура келді Ол ойында Форланның командасы (1:2) есебімен жеңіліп, уругвайлық шабуылшы айтарлықтай көзге түсе алмады. 2010 жылы 12 мамырда Еуропа Лигасының финалында Диего Форланның екі голы командасына жеңіс әкеліп, сол турнирдің үздік футболшысы атанған болатын. Жалпы алғанда бұл футболшыны Еуропаға әкелген Сэр Алекс еді. Болашағынан зор үміт күтіп, түбі мықты аяқдопшы шығар деп сенген. Фергюсонның үміті ақталды десек те болады.

Ұлттық құрама

Форлан ұлттық құрамаға 2002 жылдан бері шақыртылады. Шабуылшы өз құрамасымен 2002 жылы жапония мен Кореяда өткен әлем біріншілігін қатысқан. 2007 жылы Америка Кубогінің финалдық кездесуінде, ойынның 35 мунутында алаңға шығып, матч соңындағы петалтьиді  соға алмай көрермендердің естеріне сақталып қалған. Ал 2010 жылы ОАР – да өткен әлем біріншілігінде керемет ойын өрнегін көрсетті. Ол командасымен жартылай финалға дейін жетіп, финал үшін жолдамада Голлания құрмасына жеңіліп қалды. Үшінші орын үшін өткен матчта да уругвай құрамасы жеңіліс тапты. Соған қарамастан Диего 5 голмен үздік сұрмергендер қатарынан көрініп. турнирдің ез үздің футолшы атағын алған болатын.

Әзірлеген Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×