Үздік үштіктен орын ала аламыз ба?

21.01.2012, 22:44
Үздік үштіктен орын ала аламыз ба?

Ресейдің Санкт-Петер бург қаласында футболдан ТМД елдерінің төре тур нирі – Достастық кубогы бас талды. Турнирдің тұсау кесер матчында ресейлік құрдастарымен кездескен жерлестеріміз 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Жалпы, биыл турнирдің нобайы толық өзгерген. Бұрын ТМД клубтары арасында өткізілетін дода биылдан бастап жастар құрамалары арасында өткізілетін болып шешілді. Әлбетте, бұл еріккеннен туған идея емес. ТМД клубтары арасындағы бұл доданың соңғы жылдары сиқы қаша бастағандықтан, ұйымдастырушылар жастар құрамалары арасында ұйымдас тыруды жөн көрді. Дегенмен Достастық кубогына жастар құрамаларын шақырудың өзі де оңай болмады. Әртүрлі сылтаулармен Санкт-Петербургке Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Армения құрамалары бармай қал ды. 11 команданы топтарға бөлудің қиын бо латынын ойластырған ұйымдас тырушы лар арнайы қонақ ретінде Иран жастарын шақырды. Сөйтіп, 12 команда үш топқа бөлінді. Топтық кезеңнің қорытындысы бо йынша, үздік сегіз команда ширек финал дық кезеңде өнер көрсетеді. «А» тобы: Қазақстан, Түрікменстан, Ресей, Эстония. «В» тобы: Қырғызстан, Украина, Молдова, Латвия. «С» тобы: Иран, Тәжікстан, Белоруссия, Литва. Достастық кубогына Қазақстан жаста ры ның дайындығы нашар болған жоқ. Бір апта оқу-жаттығу жиынынан кейін коман да мыздың аға бапкері Слободан Крчмаре вич жігіттердің дайындығына көңілі тола ты нын білдіріп, ешкімнен қаймықпайтын футболшылардың жасақталғанын қуана жеткізген. Әлбетте, Дамир Дәуітов, Елдос Ахметов, Бауыржан Исламхан, Нұржарық Қуанов, Исламбек Қуат сынды дарындар дың қай-қайсысы болсын – болашағынан көп үміт күттіретін жігіттер. Санкт-Петер бург ке аттанар алдында ұлттық құрама мыз дың белді шабуылшыларының бірі Сергей Хижниченконың да тізімге іліккені бел гілі болды. Сонымен, жігіттер Санкт-Петербург ке де жетіп, алғашқы матчтарын өткізді. Матч алдында дүбірлі доданың ашылу салтанаты өтіп, ФИФА және УЕФА пре зиденттері Йозеф Блаттер мен Мишель Пла тини турнирдің шымылдығын түріп бер ді. Ал ойын алаң иелерінің баяу ша буыл да рымен басталды. Есеп ашылғанға дейін қос команданың да қақпасына қауіп төнген жоқ. Тіпті қақпамызға өткір пас асы рылып, оған ресейлік шабуылшы Забо лотныйдың сәл жетпей қалғанын да қауіпке санауға болмайтын шығар. Дегенмен көп ұзамай Антон Заболотный дегеніне жетті. 23-минутта оң қапталдан әуелете асырыл ған пасқа өзгелерден бұрын жеткен әрі биік секірген Антон қақпашымыз Сергей Ткачук пен командамыздың капитаны Дамир Дәуітовті сан соқтырды. Иә, бұл эпизодта Се ре га мен Дамир голға тосқауыл болу лары керек еді. Жалпы, есептің ашылғаны болмаса, бі рін ші тайм тең дәрежеде өтті деуге болады. Рас, 33-минутта Денис Прокопенконы ал мас тырған Алексей Щеткин шабуылымызға жан бітіргендей болған. Бірақ Андрей Зайцев қорғаған Ресей қақпасына доп сол күйі жеткен жоқ. Тек Бауыржан Исламхан ғана бірінші таймның соңғы секундтарында ша мамен 22 метрден шірене соққан. Алай да теңбіл доп қақпадан сәл биік ұшты. Екін ші тайм ойынның бірінші кезеңіне қа ра ғанда жылдам әрі қарқынды өрбіді. Дегенмен ойын барысында бұл жағдай еш өзгеріс әкеле алған жоқ. Командамыздың аға бапкері Слободан Крчмаревич бұл матчта ойынға тіркелген футболшыларымыздың көбіне алаңға шығуына мүмкіндік берді. Күні кеше ғана U-19 сапында жасындай жарқылдап жүр ген Исламбек Қуат ойынға бірінші минуттан бастап араласса, 1993 жылғы жас дары ны мыз Нұржарық Қуан матчқа екінші тайм да қосылып, жастар құрамасындағы де бюттік кездесуін өткізді. Сонымен, турнирдің тұсаукесер мат чын да Қазақстан жастары Николай Пи сарев бастаған Ресей жастар құрамасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Дәл осындай есеп пен Эстония құрамасы Түрікменстан жас тарынан жеңіліп қалды. Ал «В» тобында Қыр ғызстан құрамасы Латвиядан 2:3 есе бімен жеңілсе, Украина молдовандарды 1:0 есебімен тізе бүктірді.

  Ресей – Қазақстан – 1:0 Гол: Заболотный, 23. Қазақстан: Ткачук, Бейсебеков, Дәуіт ов, Горячий, Шомко (Құнов, 63), Тағыбер ген, Исламхан (Левин, 69), Қуат (Аза мат ов, 75), Прокопенко (Щеткин, 34), Хи жни чен к о (Ахметов, 66), Лисенк ов (Жол шиев, 63). Резервте: Отарбаев, Габышев. Түрікменстан – Эстония – 1:0 Гол: Аннасахтов, 83.  
  Николай ПИСАРЕВ, Ресей құрамасының бас бапкері: – Біз үшін басқа басқа, дәл бүгінгі ойында жеңіске жету маңызды болды. Өйт кені, біріншіден, Ресей футболының 100 жылдығы, екіншіден, ойынды ФИФА, УЕФА, РФО басшылары тамашалап отырды және үшіншіден, турнирді жеңіспен баста ғы мыз келді. Рас, алғашында аздап қо балжыдық. Бірақ артынан еңсемізді тіктеп, же ңіске жетелеген голды соға алдық. Тағы бір ұнағаны: бүгін қос команданың да жас тары нағыз ерлерге тән футболды тарту етті. Меніңше, Қазақстан тобымыздағы өз ге командалардан мықтырақ. Слободан КРЧМАРЕВИЧ, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері: – Ұлтым – серб. Ал сербтер мен орыс тар – ағайынды халықтар. Сондықтан Ре сей ді жанымдай жақсы көремін. Бірақ бү гінде Қазақстан құрамасын жаттықтыра тын болғандығымнан Ресейдің жеңіске жетке ніне көңілім түсіп кетті. Бізге сәл ғана бір нәр се жетіспей тұрды. Дегенмен кейбір ұсақ қателіктерге қарамастан, футболшы ла рымның ойынына көңілім толды. Тур нир дегі басты мақсатымыз – үздік үштіктен тө мен орын алмау. 

 Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×