Жақын арада «Қайрат» бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав және сербиялық қорғаушы Раде Дугаличпен келісімшартын ұзартпақ. Бұл туралы алматылық клубтың басшысы Қайрат Боранбаев мәлімдеді.
«Ия, Вагнермен келісімшартты жаңартамыз, біз қазір қол қоюдың аз-ақ алдында тұрмыз. Барлығы келісілді, жаңа келісімшарттың мерзімі бір жыл. Раде Дугалич? Онымен де келісімшартты жаңарту сатысындамыз.
Құрамды күшейту? Күшейтуге болатын белгілі бір позициялар болады. Біз көптеген қазақстандық ойыншыларды, сондай-ақ ЕЭО елдерінің футболшыларын қарастырамыз», - деді Боранбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Вагнер Лав «Қайратқа» осы жазда ауысқан еді, Қазақстан чемпионатының 13 кездесуінде жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Дугалич үшін бұл алматылық клубтағы екінші маусым, осы маусымда 16 матч өткізіп, бір гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET