Вагнер Лав «Қайраттан» кетуі мүмкін

14.10.2021 16:12 ҚПЛ

Футболшының жасы мен алатын жалақысы алматылық клубтың талабына сәйкес келмеуде.

Вагнер Лав «Қайраттан» кетуі мүмкін

Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав биыл "Қайраттағы" соңғы маусымын өткізуде, деп хабарлайды Sports.ru порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, Вагнер Лав алматылық клубтың жаңа жаттықтырушылар штабының жоспарына сәйкес келмейді. Құрбан Бердыевтың басшылығымен бразилиялық тек бір ғана толық матч өткізді (Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Фола Эшпен" болған ойын). Келесі жылы Вагнер 38 жасқа толады. Сондықтан "Қайрат" жаттықтырушысы оның функционалдық жағдайына күмәнмен қарауда.

Сонымен қатар клуб ойыншыға шағымның жоқ екенін, оның жаттығу үдерісіндегі жұмысқа деген көзқарасы бапкердің талаптарына сәйкес келетіні айтылды.

Мұның бәрі футболшының жасына, сондай-ақ бразилиялықтың жалақысына байланысты. Бердыев оның орнына жас футболшыны шақыруды жөн көреді. Сонымен қатар командада Вагнермен бәсекелесетін басқа да ойыншылар бар - оның отандасы Жоао Пауло мен жас қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев, сондай-ақ Хосе Канте келесі маусымда да алматылық клубта ойнайды деп жоспарлануда.

"Қайрат" келесі жылы чемпиондық титулды қайтаруға ниетті және Еуропа лигасы немесе Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға тырысады. Тапсырманы орындау үшін жаттықтырушылар штабы трансферлік терезеде белсенді жұмыс жасағысы келеді, ал Вагнер қыста клубтан кететін жалғыз адам болмайды.

Бразилиялықтың өзі мансабын аяқтауды жоспарламайды, егер оған Еуропадан лайықты ұсыныс түспесе, ол Азия чемпионаттарының бірінде ойнауы мүмкін.

1 пікір

  1. Абуев Ақылбек

    Абуев Ақылбек

    14.10.2021 21:08

    Негз вагнер тағыда 1-2 жыл ойнап мансабын Қайратта аяқтаған дурс еді Канте мен Вагнер жақсы атака жасайды Вагнердын жалақысын азайтсадаа клубтан калуға келсу керек