Вахид Масудов: «Англия мен Норвегия құрамаларына қарсы жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз»

28.09.2016, 19:20
Вахид Масудов: «Англия мен Норвегия құрамаларына қарсы жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз»
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Вахид Масудов Англия мен Норвегия құрамаларымен болатын ойынның маңыздылығы жайлы айтып өтіп, Ақтөбенің Қазақстандағы футболы дамыған қалалардың бірі екенін мәлімдеді. - Осыған дейін мен Ақтөбеде жұмыс істеп көргенмін. Бұл жерде адамдар футболды түсінеді және футболмен өмір сүреді. Менің ойымша, біздің жастар мен жасөспірімдер құрамасына басқа қалаларға шығып, осындай матчтарды өткізіп тұрғаны дұрыс. Әрине, өз жеріңде өткізген ойында жанкүйерлердің қолдауы көмегін тигізетіні анық, - деп Масудовтың сөзін ҚФФ баспасөз қызметі жеткізді. Сонымен қатар, Масудов топ көшбасшыларымен болатын ойынның біздің жастарға халықаралық тәжірейбе жинауына көп үлесін тигізетінін тілге тиек етті. - Біз топ көшбасшыларымен ойнаймыз. Олар ЕУРО финалына шығу үшін барын салады. Әр команда өз мақсатына жету үшін күрес жүргізеді. Бұл біздің құрама үшін мықты командаларға қарсы өз күшін сынап көруге тамаша мүмкіндік. Біз жақсы нәтижеге жету үшін барымызды саламыз, - деді Вахид Масудов.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×