Вайс ұлттық құрама тізгінін ұстайды ма?

29.11.2012, 19:49
Вайс ұлттық құрама тізгінін ұстайды ма?
"Қайратқа" бас бапкер болып келген Владимир Вайс Ұлттық құрама командамыздың бас бапкері болуы әбден ықтимал. Осындай қауесеттер ғаламтор бетін жайлағалы қашан? 22 мен 26 наурыз күндері Қазақстан екі мәрте Германиямен кездеседі. Осы ойындар өте сүреңсіз аяқталған соң, яғни ұлттық құрамамыз кезекті мәрте ұятқа қалғаннан кейін құрама тізгінін Владимир Вайс ұстап қалуы әбден ықтимал. Бұл шамамен сәуір айының басында болатын оқиға деп жоспарланып отыр. Ол кезде Вайстың командасы "Қайрат" ішкі біріншілікте үш тур өткізіп турнирлік кестеде алғашқы орындарда келе жатады. Міне, осындай болжамдардың барлығы расқа айналып жатса, әлгіндей өзгерістер орын алуы әбден ықтимал.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Футбол - поэзия
Келесі жаңалық
https://www.facebook.com/Aladop.kz
Серіктес жаңалықтары
×