Ван Перси «Фенербахчеге» ауысты

15.07.2015, 22:07
Ван Перси «Фенербахчеге» ауысты
Ван Перси «Фенербахчеге» ауысты 14 — шілде күні «Фенербахче» қатары голландиялық шабуылшы Робин Ван Персимен толықты. Келісімшарт мерзімі — 3 жыл. Ол жаңа командасында 11 нөмірлі жейдемен өнер көрсететін болды. Отбасымен бірге Түркияға қоныс аударған Ван Перси жергілікті журналистерге сұхбат берді: «Керемет көңіл — күйдемін. Стамбул қаласы мен жанкүйерлері мені жақсы қарсы алды. «Фенербахчемен» бірге жетістіктерге жетуге бар күшімді саламын. 10 жыл Дирк Кюйтпен Голландия ұлттық құрамасында бірге ойнадым. Фенербахчеге келмес бұрын оның кеңесіне жүгіндім. Ол маған түркиялық жанкүйерлердің жақсы қолдау көрсететіндігін айтты. Мен олармен кездесуге асықпын». Прямая ссылка на встроенное изображение
  • Робин ван Перси «МЮ» сапында 3 маусым ойнады. Сол жылы АПЛ жеңімпазы атанып, 26 голмен үздік сұрмерген атағын иеленді.
  • «Қызыл сойқандар» сапында ойнамас бұрын «Фейеноорд» және «Арсенал» командаларында ойнаған.
Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×