«Вердер» клубы бас бапкерді жалған вакцинация құжатын жасатқаны үшін қызметінен босатты

21.11.2021, 00:26
Қазір бапкердің бұл ісіне қатысты тергеу жүргізілуде.
«Вердер» клубы бас бапкерді жалған вакцинация құжатын жасатқаны үшін қызметінен босатты

«Вердердің» бас бапкері Маркус Анфанг қызметінен босатылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Клуб, команда, менің отбасым және өзім үшін туындаған өте қиын жағдайға байланысты мен бас бапкер ретіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Сондықтан мен жауапты тұлғалардан келісім-шартты дереу бұзуды сұрадым, олар бұл өтінішімді қабыл алды», - деді Анфанг.

47 жастағы маман мен оның көмекшісі Флориан Юнг мемлекеттік тергеуге байланысты орнын босатты. Жаттықтырушылар жалған вакцинация сертификатын пайдаланды деп айыпталуда.

Қазіргі уақытта бремендік «Вердер» 19 ұпаймен екінші Бундеслиганың турнирлік кестесінде сегізінші орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×