«Вест Хэмнің» қақпашысы Англия біріншігінің рекордын қойды

26.04.2015, 21:44
«Вест Хэмнің» қақпашысы Англия біріншігінің рекордын қойды
«Вест Хэм» клубының қақпашысы Адриан Англия чемпионатының рекордын жаңартты. Англия біріншілігінің 34-турында «Вест Хэм» «КПР-мен» кездескен болатын. 23-минутта Адрианның қақпасына пенальти қойылып, нүктеге Чарли Остин келген. Дегенмен голкипер командасын голдан құтқарып қалды. Осымен Адриан қатарынан үшінші рет пенальти қайтарып тастаған болатын. Бұған дейін Адрианның қақпасына Харри Кейн («Тоттенхэм») мен Дэвид Ньюджент («Лестер») пенальтиден гол сала алмаған. Осылайша, қатарынан үш пенальтиді кері қайтарған Адриан рекорд орнатты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×