ВЛАДИМИР МУХАНОВ: «АҚТӨБЕ» КӨРІНГЕНГЕ ЖЫҒЫЛАР ЖАЛПАҚ ШЕШЕЙ ЕМЕС

25.07.2011, 16:13
ВЛАДИМИР МУХАНОВ: «АҚТӨБЕ» КӨРІНГЕНГЕ ЖЫҒЫЛАР ЖАЛПАҚ ШЕШЕЙ ЕМЕС
[caption id="" align="alignleft" width="345" caption="20 тамыз, 2009 жыл. "Вердер" - "Актобе" - 6:3. Владимир МУХАНОВ (оң жақта) Томас ШААФТЫ құттықтауда"][/caption]

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Муханов ресейлік «Спорт Экспресс» газетіне сұхбат берді. Муханов «Аланиямен» өтер ойын жайлы біраз әңгіменің басын ашыпты. - «Алания» Сіз үшін қандай қарсылас?

- «Аланияның» ойынын экраннан көп көрмейміз қазір. Қорғаныс пен шабуылды қатар ала білер команда. Солтүстік Осетияның үміті ғой бастысы. Әсіресе осы командадағы бразилиялық Некудың ойыны ұнайды. - «Ақтөбе» мен «Кечкемет» арасындағы қарымта ойынды ресейлік бапкер Владимир Шевчук арнайы барып көрді. Бір жылдары осы Шевчукпен бір алаңда доп теуіп, бірге жұмыс жасадыңыздар. Ақтөбеде кездесіп, әңгіме дүкен құрған шығарсыздар… - Дүкен құруға уақыт болмады. Мен жауапты ойынға дайындалумен болдым. Ал Шевчук Ақтөбеге менімен әңгімелесуге келмегені анық. Ол өз ісімен жүрді. - Қызық, қараңыз, бір жылдары Сіз, Шевчук және «Аланияның» бас бабпкері Валерий Газзаев бәріңіз «Локомотивте» ойнадыңыздар. (Муханова «Локомотивте» 157 матч өткізіп, 55 гол соққан – ред) - Оныңыз рас, футбол әлемі кең ғой. Енді, міне бапкер ретінде қарсыласпыз. - Қазақстанда Сіз «Тобыл», «Жеңіс», «Ақтөбе» командаларын баптап, талай медаль жинадыңыз… Сізді Қазақстандағы беделді бапкерлердің қатарында атайды. - Жүлде жетеді. Алты жылда «Ақтөбемен» біріншілікте бірінші және екінші орыннан түспей келеміз. Үш жыл қатарынан чемпионы болдық. - Ресейге қайта оралу ойыңызда жоқ па? - Бұл жағын ойламаппын да. Алдағыны болжау қиын. Қазақстанда футбол дамуда. Қазір бар ойым «Ақтөбеде». Шыны керек, Қазақстаннан кеткім келмейді. - «Ақтөбе» бір жылдары Достастық кубогының финалында ойнады. Осыдан басқа бұл команда туралы ресейліктер ештеңе білмейді. Сымақовтың ойынына талай ресейлік командалар қызыққан… - Сымақов – нағыз капитан, команданың көшбасшысы. Қазақстанның үздігі. Сымақовтан бөлек, командада Кенжесариев, Хайруллин және қақпашы Сидельников сынды таланттар бар. - «Ақтөебені» ресейлік командалармен салыстырыңызшы… - Сырттай тон пішкен ұнамайды маған. Кімнің кім екенін алаңдағы ойын шешеді. - «Аланиямен» өтер ойыннан не күтесіз? - ЕуропРдағы сары ауыз балапан емеспіз біз. «Хапоэльді» жеңдік былтыр. Голландтялық АЗ-ды да ұттық. Германия мен Австрияның мықтыларымен терезесі тең ойын ойнадық. Бар күшті келесі кезеңге шығуға саламыз. Бізді оңай шағылар жаңғаққа қабылдасаңыздар, қателесесіздер… - Оны уақыт көрсетер. Қазір бұл ойынның қайда өтетіні белгісіз. Бұл дайындыққа кедергі емес пе? - Матчтың қайда өтетінін УЕФА дүйсенбі шешеді. Ал дайындық орынша.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×