Владимир Мұханов, "Төрешілер бізді оңдырмады" (+видео)

04.08.2012, 05:23
Владимир Мұханов, "Төрешілер бізді оңдырмады" (+видео)
"Генк" - "Ақтөбе" матчынан кейін аталмыш командалардың бас бапкерлері кездесуге өз бағаларын берді. Алаң иелері қонақтарды жеңгендеріне мәз болса, Владимир Мұханов өз алаңымыза жеңіске жетеміз деп уәде берді.
Владимир МҰХАНОВ, «АҚТӨБЕ» ФК бас бапкері: - Генкте жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Қарсылас қақпасының маңында бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымыз соның дәлелі болса керек. Финляндиядан келген төрешілер жасағы таңғалдырды. Бірнеше рет қателескен оның қызметіне жақсы бағамды бере алмаймын. Сөйтіп, таза голымызды санамай тастады. Ол уақытта біз 1:2 есебімен жеңіліп жатқанбыз. Яғни, әлгі голды санағанда өзіміді бұдан да жайлы сезінер едік. Жалпы, бүгін төрешілер алаң иелерінің пайдасына жиі қателесті. Есепке алынбаған голдан бөлек, қақпамызға пенальти белгіледі, Петр Бадлоны алаңнан қуып тынды. Осыдан-ақ біз үшін бүгінгі ойынның қаншалықты ауыр болғанын аңғара бергейсіздер. Әсіресе әлгі қызыл қағаз ауыр тиді. Қорғанысқа жалтақтап, соңғы минуттардағы шабуылдарымызды жөнді ұйымдастыра алмадық. Қақпамызға гол жібермеудің қамымен болдық. Дегенмен, бұл есеп те бізге үлкен үміт сыйлайды. Енді өз алаңымызда атой салып, бельгиялықтарды тізерлетуге тырысамыз. Марио БЕЕН, "ГЕНК" ФК бас бапкері: - Қонақтар жүйкемізді біраз жұқартты. Қарсыластарымыз шабуылда өте қарқынды, әрі мақсаттарына жетпей қоймайтын команда екен. Бірақ, ойын мағыналы өтті. Екі команда да барын салды. Көптеген керемет комбинацияларды көрдік. "Ақтөбе" өте шебер ойнайтын ұжым екен. Ал жігерліктеріне бас имеске болмайды. Әлбетте, Қазақстанда бізді ауыр ойынның күтіп тұрғанын түсінемін. Бірақ пессимистік көзқарастан аулақпын. Бірінші ойында қарсыластарымыздың қорғанысын бұза алдық. Енді қарымта кездесуде де осы ерлікті қайталаймыз. Жалпы, Қазақстан командасы жүйке жұқарта алатын команда екен.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
«Ертіс» ерлеп тұр
Aladop Youtube
×