«Менде қазір Қазақстан чемпионатының қайта басталатыны туралы ақпарат жоқ. Бірақ биылғы маусымды әлі аяқтауға болады деп ойлаймын. Иә, күнтізбе тығыз болуы мүмкін, бірақ қараша-желтоқсанда біз матчты оңтүстіктегі қалаларда өткізе аламыз, мысалы мен ойындардың тығыздығы жағынан мәселе көріп отырған жоқпын, 2018 жылы «Тобыл» екі күн сайын ойнады, және ештеңе болған жоқ... Егер командалар еуропалық кубоктардың топтық кезеңіне шықса не болады? Ойындарды кейінге қалдырады ма? Бұл төтенше жағдай, сондықтан шешім де тез қабылдануы керек.
Маусымды аяқтауға болады, бүгін шешім дұрыс болады деп сенемін. Неге біз футбол ойнамаймыз? Бүкіл әлем қауіпсіздік үшін дұрыс жағдай жасады, тіпті жанкүйерлердің қатысуымен де ойнап жатыр», - дейді 63 жастағы маман.
Владимир Никитенко Нильс Цатльдің Еуропадан Таразға қайтып келе алмағаны туралы былай деді: «Цатль туралы басшылықтан сұрағаныңыз жөн. Ойыншы біздің командаға тиесілі, бірақ оралмайды, мен мұны істей алмаймын. Ол осы уақыт ішінде клубтан кеткен жалғыз адам, бірақ оның жағдайы, тұрмыстық мәселелері бар, ол біздің рұқсатымызбен кетті».
Естеріңізге сала кетейік, 13 тамызда коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік комиссия 17 тамызда карантиндік шараларды кезең-кезеңімен алып тастау туралы шешім шығарған болатын. Бірақ спорттық іс-шараларға тыйым салынды.
Біздің серіктес: FONBET