Вячеслав Швырев «Қайрат» ойыншысы атанды

25.02.2022, 20:44
Футболшы өткен маусымда өз командасының үздік сұрмергені атанды.
Вячеслав Швырев «Қайрат» ойыншысы атанды

Алматылық «Қайрат» «Қайрат-Мәскеудің» 21 жастағы шабуылшысы Вячеслав Швыревпен екі жылдық келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Вячеслав Швырев – «Қайраттың» түлегі. Ол Премьер-лигадағы дебютін 2018 жылдың наурыз айында жасады. Алматылық клубтың жейдесінде 29 кездесу өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Швырев өткен маусымды «Ақжайықта» бастады (9 матч, 1 гол, 1 нәтижелі пас), ал шілде айынан бері мәскеулік «Қайрат» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол ресейлік клубта 17 матчқа қатысып, 9 гол мен 4 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×