Француз шабуылшысы Яя Саного мансабын Қазақстанда жалғастыру нұсқасынан бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін 27 жастағы футболшы алматылық "Қайратқа" ауысады деген ақпарат шыққан еді. Шын мәнінде, тараптар келіссөздер сатысына жете алмады, өйткені еркін агент мәртебесін алған шабуылшы Қазақстандағы нұсқаларды қарастырудан үзілді-кесілді бас тартты.
Саного мансабын еуропалық чемпионаттардың бірінде жалғастыруды жоспарлап отыр. Ол сонымен қатар Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үнемі өнер көрсететін командаға ауысуға дайын.
Яя Саного - "Осер" клубының түлегі. Ол аталған клубта 2009-2013 жылдар аралығында ойнады, содан кейін лондондық "Арсеналға" ауысты. Сондай-ақ, шабуылшы "Аякс", "Чарльтон Атлетик" және "Тулуза" сияқты клубтарда доп тепті.
Біздің серіктес: FONBET