Юрген Клинсман Англия құрамасына бапкер болуы жайлы өз мәлімдемесін жасады

29.09.2016, 19:17
Юрген Клинсман Англия құрамасына бапкер болуы жайлы өз мәлімдемесін жасады
Америка Құрама Штаттарының құрама командасының бас бапкері Юрген Клинсман өзінің твиттерінде алып-қашпа әңгімелерге жауап берді. "Менің Англия құрамасының бас бапкері болуым жайлы ешқандай әңгіме болған жоқ. Мен қазір Әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындалып жатырмын. Ақш құрамасы жақын арада Мексикамен ойнайды. Сол матч жайлы ғана ойлап жүрмін. Ал Англияның тізгінін ұстайды деген сөздер қауесет" деп жазған неміс маманы өзінің жеке парақшасында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×