Юрген Клинсманн АҚШ құрамасының бапкері ретінде алғашқы кездесуін өткізді

13.08.2011, 23:48
Юрген Клинсманн АҚШ құрамасының бапкері ретінде алғашқы кездесуін өткізді
Юрген Клинсманн футболдан АҚШ құрамасының бапкері ретінде алғашқы кездесуін өткізді. Осы жылғы Кариб теңізі жағалауы елдері кубогы үшін жарыстың  финалында Мексикаға есе жіберген америкалықтар бұл жолы  көршілерін жолдастық кездесуге шақырды.  АҚШ құрамасының  бұрынғы жаттықтырушысы Боб Брэдлидің орнына келген неміс маманынан көпшілік  жаңа үрдіс күткен. Алайда Клинсманн шәкірттері жанкүйерлер алдында ұятқа қала жаздады.  Филадельфияда  өткен кездесудің алғашқы бөлігі толығымен қонақтардың басымдығымен өтті. Кездесудің 18-минутында айып алаңына  әуелеп жеткен  допты қақпа бұрышына дәл бағыттаған Орибе Перальта есеп ашты. Тек екінші таймда ара тұра шабуыл ұйымдастырған алаң иелері 74-минутта Робби Роджерстің көмегімен есепті теңестірді. Ойын соңынан сөз алған Юргенн Клинсманн бас команда сапына  шақырылған жас ойыншылардың өнері  көңілінен шыққанын мәлімдеді. Төлеген Жұмабек
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×