УЕФА Чемпиондар лигасының 4-ші турында "Ференцварошқа" қарсы матчта "Ювентус" клуб тарихында бұрын-соңды болмаған құрамды таңдады. Клуб тарихында алғаш рет туриндік команда италиялық қақпашысыз немесе қорғаушысыз ойнады. Бұл команда құрылған 123 жыл ішінде бірінші рет болды, деп хабарлайды Football Italia.
Бұл жағдай қорғаушылар Леонардо Бонуччи мен Джорджио Кьеллинидің жарақаттарына байланысты орын алды. Сонымен қатар, команданың бас бапкері Андреа Пирло Джанлуиджи Буффонды емес, поляк қақпашысы Войцех Щенсныйды негізгі құрамға қосу туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін "Ювентус" ойнаған 4371 матчта әрқашан негізгі құрамда кем дегенде бір итальян қорғаушысы немесе қақпашысы болған.
Біздің серіктес: FONBET