"Ювентустың" қақпашысы Джанлуиджи Буффон, А сериасындағы 600 матч өткізген алғашқы қақпашы атанды

07.11.2016, 19:00
"Ювентустың" қақпашысы Джанлуиджи Буффон,  А сериасындағы 600 матч өткізген алғашқы қақпашы атанды
Жексенбі күні А сериасының 12-тур аясында болған "Ювентус" жəне "Кьево" командаларының арасында өткен матчта, Буффон 600-ші матчын өткізді. Джанлуиджи ең алғашқы қақпашы атанып, А сериасындағы көп ойын өткізген футболшылардың қатарынан 4-ші орынды иеленді. Сол төрттіктің тізімінде: Паоло Мальдини (647), Хавьер Дзанетти (615) жəне қазіргі "Романың" капитаны Франческо Тотти (607) 600 ойынның 169 матчын Буффон "Пармада", 431-рет "Ювентус" қақпасын қорғаған екен. Джанлуиджи - А сериасының жеті дүркін чемпионы. Сонымен қатар Буффон, осы аптада чемпиондар лигасында 100-ші матчын өткізген болатын. Баян Кабденов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×