Зайнутдинов жарақатынан айықты

10.04.2025, 11:00

Түркияның "Бешикташ" клубында ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан айығып алаңға оралуға жақын.

Зайнутдинов жарақатынан айықты

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы алдағы күндері жаттығуға қайта қосылады. Ол жарақатына байланысты бірнеше апта бойы ойыннан тыс қалған еді, деп жазды Turkiye Gazetesi.

Алайда ол 12 сәуір, сенбі күні өтетін Түркия Суперлигасының 31-турындағы "Башакшехирге” қарсы матчта командасына көмектесе алмайды. Себебі ол әлі толық бабына келіп үлгермеген.

Ағымдағы маусымда Зайнутдинов "Бешикташ” сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Оның клубпен жасасқан келісімшарты 2027 жылдың жазы аяқталғанға дейін жарамды.

                                          Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×