"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші туры аясында "Қайратты" қабылдады. Матч Тараз қаласындағы Орталық стадионда өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.
Кездесудің 12-минутында оң қапталдағы Камо Оганесян екі ойыншыдан сытылып шығып, айып алаңына пас асырды. Ал дайын асқа тік қасық болған Вагнер Лав ашық қақпаны дәл көздеді. 67-минутта Фэйт Обилордың қателігін ұтымды пайдаланған Артур Шушеначев матчтың нүктесін қойды.
27-ші ұпайын қоржынға салған Кирилл Кекер шәкірттері турнирлік кестеде үшінші орынға жайғасты. Жамбылдық клуб 19 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET