Жаңа маусым жаңалықтары

11.01.2012, 19:05
Жаңа маусым жаңалықтары
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының басталуына 2 ай көлемiнде уақыт қалды. Бүгiнгi күнi қазақстандық командалардың барлығы дерлiк Балтық жағалауы  мен Түркия елiнде жаттығып жүр. Осы оқу-жаттығу жиыны кезiнде премьер-лига командаларының басым көпшiлiгi құрамын жаңа ойыншылармен толықтыратыны анық. Сол ауысымдарға қысқаша шолу жасап өтсек. “ШАХТЕР” (ҚАРАҒАНДЫ):  Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына Кумыков өзiне жақсы таныс Евгений Горячий, Хенао Роджер Каньяс (Колумбия)«Ягеллония» (Польша), Санат Жұмаханов,  Станислав Лунин, Михаил Габышев, Михаил Габышев, Владислав Кузьмин сияқты ойыншылармен дайындалуда. Сонымен қатар қарағандылықтардың сапында клумбиялық  Хенао Роджер Каньяс («Ягеллония» Польша) та жаттығып жүр. Ал команда қатарынан Виорел Фрунзе (Молдова), Кайрат Утабаев, Ильнур Мангуткин, Иван Шевченко, Душан Петрониевич (Сербия), Федор Руденко секілді ойыншылар кетті. “ЖЕТIСУ” (ТАЛДЫҚОРҒАН):  Серiк Абдуғалиев жетекшiлiк ететiн “Жетiсу” футболшылары келер мау­сымда, үздік үтік қатарынан көрінеміз дегенмен оймен жұмыс атқаруда. Дегенмен команда сапын Олег Недашковскийдан басқа ауыз толтырып айтатын ойыншылар толтырған жоқ. Керісінше клубтан Максим Самченко, , Арунас Климавичус (Литва), Сергей Степаненко сынды белді ойыншылар кетті. Сонымен қатар командадан өзбекстан Ұлықбек Бакаевтің кеткенінің білеміз. Жуық арада Сергей Остапенкода жұмыс орнын ауыстырмақ көрінеді. “АҚТӨБЕ” (АҚТӨБЕ):  Команда басшылары алдағы маусымда команданың көшбасшысы Малик Манені қайт­кен күнде де өз қатарларында ұстап қалуды көздеп отыр. Бірақ, кейбір деректерге қарағанда сенегелдық ойыншы норвегиялық «Саннефьорд» командасымен келісім-шарт жасасып қойған-мыс. Ал команданы ағайынды Виталий және Дмитрий Евстегнеевтер, Сергей Шафф, Руслан Кенетаев және «Жетісу» сапынан келген Арунас Климавичустар толықтырды. Биыл­ғы маусымда команда сапынан Арслан Сатубалдин, Никита Хохлов, Антон Чичулин, Сергей Бойченко, Тити Эссомба (Камерун), Владимир Джилас (Сербия) сынды тәжiрибелi футболшыларды көре алмаймыз. “АСТАНА” (АСТАНА): Темiр­жолшылар келер маусымда тағы да чемпиондық атаққа үмiткер командалардың бiрi болары анық. Сол үшін де командаға украиналық Олег Протасовты шақыртты. Одан басқа қазiргi күнi “Астана” сапын Данило Белия, Душан Петрониевия сынды сербиялық ойыншылар толықтыруда. Жақын арада бұлардың қатарына Ұлан Қонысбаев та келiп қосылуы әбден мүмкін. . Бүгінде темiр­жолшылардың сапынан неміс маманы Хольгер Фах кетті. Онымен бірге Нұрбол Жұмасқалиев өзінің туған командасы «Тобылға» ауысты. Командадағы  Драган Богавац (Черногория), Игорь Бугаев (Молдова), Анатолий Дорош (Молдава) секілді ойыншылар алдағы уақыттағы жұмыс орындарын әлі күнге анықтамаған. “ЕРТIС” (ПАВЛОДАР): Өткен мау­сымды бесінші оында аяқтаған “Ертiс” маусым аяқтала салысымен бiрден бiрнеше ойыншыларды сатып алды. Солардың арасында алғашқы болып Керекуге ат басын бұрған Игорь Юрин  мен Антон Чичулин болды. Оның артынша “Ертiстiң” қатарын Евгений Аверченко толықтырды. Сонымен қатар командаға ұлттық құрамының экс-ойыншылары Қайрат Отабев пен Дмитрий Пархамчу келедi деп күтiлуде. “Ертiстiң” бас бапкерi Талғат Байсуфинов Александр Кучма, Алексей Михайлюк, Федор Симиниди, Георги Даскалов, Ұлықбек Асанбаев, Марко Балажич, Алексей Данаев, Милан Николия сынды футболшылардан қол үздi. “ОРДАБАСЫ” (ШЫМКЕНТ):  Команда сапына биыл жалдық мерзімі аяқталтан Ұлықбек Асанбаев қосылды. Жақын арада Қазақстан жастар құрамасының негізгі қақпашысы Самат Отарбаев та қатарға қосылуы мүмкiн. Тағы бір Ұлттық құраманың ойыншысы Виталий Евстегнеев Владимир Мухановтың қол астына  ауысты. Жуық арада Сонымен қатар Азат Нұрғалиев ресейдің «Амкар» клубына ауысады деген сыбыстар жүр. “ТОБЫЛ” (ҚОСТАНАЙ):  «Тобылда» жаңа маусымға үлкен мақсаттармен кіріспек. Солтүстік Қазақстандық команда сол үшін жаңа бапкер шақыртты. Ол – украиналық маман Вячеслав Граозның.  Ендігі уақытта команданың  басты жоспары қатарларын мықты ойыншылармен толықтыру. Солардың бірі ретінде қостанайлық ұжым өдерінің ең беделді ойыншысы – Нұрбол Жұмасқалиевті өз қатарларына қайта қосты. Жаңа маусымды бұл ұжым Игорь Юрин, Сергей Гридин, Ренат Хасенов сынды белді ойыншыларынсыз бастауы тақылетті. “ҚАЙСАР” (ҚЫЗЫЛОРДА):  Қызылордалық клуб жайлы жайлы үзiп-кесiп ештеңе де айта алмаймыз. Оның басты себебi, команда әлi жасақталып үлгерген жоқ. Ұжымнан бірде-бір ойыншы ауыспаған. Ал алдағы маусымда Сыр жағалауында «Атыраудан» келген Егор Азовский мен Сабырхан Ибраевты көріп қалумыз ғажап емес. “ТАРАЗ” (ТАРАЗ):  Тараздықтарда жаңа маусым жаңа бапкермен бастамақ. Келер маусымда оңтүстіктік команданың тізгінін сербиялық Любко Пертович ұстайды. Ал команда сапына жалдық мерзімі біткен «Тараз» академиясының тәлімгері Бауыржан Байтана мен Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Мадияр Мүмінов толықтырды. Командадан қос сербиялық  ойыншы Милош Адамович пен Данило Белич және Дмитрий Евстигнеев кетті. “АТЫРАУ” (АТЫРАУ):  “Мұнайшылар” қазiрше маусымаралық үзiлiске ойыншылар сатып алуға әлi де асығар емес. Команда өзiнiң былтырғы көшбасшыларының барлығынан дерлiк айырылып жатыр. Бүгiнгi таңда, Андрей Травин, Абзал Жұмабаев, Данияр Мұқанов, Сергей Шафф, Бауыржан Байтана, Олег Сабиров, Андрей Шабанов, Денис Володин сынды белдi ойыншылары кетiп үлгердi. Олардың орнына соңғы кездерi сәтсiз өнер көрсетiп жүрген Сергей Бойченко, Егор Азовский, Никита Хохлов, Максим Самченко, Артем Фомин, Сергей Ларин, Евгений Климин, Максим Семенов, кирилл, Морунов, РУслан Сахалбаев  секiлдi ойыншылар келдi. “ҚАЙРАТ” (АЛМАТЫ): Әупірімдеп жүріп Премьер-Лигада қалған алматылық «Қайрат» жаңа маусымда мыңдаған жанкүйерлердің үмітін ақтауға бел сыбанып кірсуге дайындалып жатыр. Деген бас ағылшын маманы Джан Чарлздің орынан келген Дмитрий Огай мен Оңтүстік астаналықтарға жақсы таныс Андрей Травиннан басқа ойыншыларды қатарларына қоспаған. Есесіне, комададан Даниил Рихард, Ринат Хсенов, Артем Фомин Евгений Климов, Кирил Морунов сықылды серкелер кетті. “СҰҢҚАР” (ҚАСКЕЛЕҢ):  Бірінші лигада қарсыластарын ат бойы ұзап, бірінші орынға ие болған «Сұңқарда» жаңа маусымның жағдайын жасап жатыр. Қаскелеңдіктердің бас бапкері Алмас Құлшынбаев әзірге команда қатарына мүлде ойыншы шақыртпаған. Дегенмен онысы дұрыс та шығар! Былтыр команданың намысын қорғаған барлық белді аяқтопшылар команда қатарындда. Тек алматы облысының ұжымынан Кирил Кекер мен сербиялвқ Милан Лукия басқа командаға ауысқанды дұрыс санапты.               “ОҚЖЕТПЕС” (КӨКШЕТАУ): Маусым қорытындысы бойынша Бірінші лига командаларының арасында екі,нші орынмен жолдама алған көкшетаулық команда да жаңа маусымға қызу дайындық үстінде. Бірақ жаңа маусымда командананы бір жыл бойы баптап келген Владимир Чебуринді көре алмаймыз. Алдағы уақыттан бастап команданы Қазақстан біріншілігіне келген тағы бір украиндық маман Виктор Догадайло баптайтын болады.   Ұжыман келген ойыншылардың тізіміне Федор Симиниди, Владимир Плотников, Қанат Ахмет, Эмиь Алиев, Дмитрий Гунченколарды жатқызуға болады. Солтүстік қазақстандық команданың сапынан тек Руслан кенетаев қана жұмыс орнын ауыстырды. “АҚЖАЙЫҚ” (ОРАЛ):  Бірінші Лиганы төртінші орынмен аяқтаған «Ақжайық» күтпеген жерден Премьер-Лигадан бірақ шықты. Оған себеп, еліміздің Футбол Федерациясы біріншіліктегі командалардың санын он төртке дейін көбейткен еді. Мұндай жаңалықты күтпеген оралдықтар, ендігі кезекте жоғарғы біріншілікте өз орындарын қала сақтап қаламыз деген мақсатпен тер төгуде. Бүгінгі күндегі қолда бар мәліметтерге қарағанда батыстық ұжымнан бірде-бір ойыншы кетпеген. Қайта клубы нығайты үшін Максим Азовский, Ринат Хасенов, Даниил Рихар, Жандос оразалиев, Рамиль Акбаров, Қайрат Иманалин сынды саңлақ ойыншылар толықтыруда. Шолу жасаған Уалихан ҚОСАНБАЙ.          
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×