Жанкүйерлер саны ең көп команда «Ақтөбе»

13.08.2011, 20:56
Жанкүйерлер саны ең көп команда «Ақтөбе»
Қазақстан біріншілігінің бірінші айналымында өз клубтарын қолдау үшін барлығы 495 650 көрермен келіпті. Бір кездесуге орта есеппен 3 755 қөрермен. Жанкүйерлер саны ең көп команда «Актөбе» болып табылды. Аталмыш клубқа бірінші этап біткекнше 102 200 халық қолдау көрсеткен. Ал өз алаңындағы кездесулерден «Шахтёр» жанкүйерлері алдына жан салмапты.  Барлығы 59 500 көрермен. Жанкүйер саны ең аз команда «Восток». Барлығы 14 300 халық. Жанкүйерлер саны ең көп клубтар алтылығы 1. «Ақтөбе» — 102 200 ; 2. «Шахтёр» — 96 300; 3. «Тобыл» — 95 050; 4. «Астана» — 92 700; 5. «Ертіс» — 91 200; 6. «Ордабасы» — 86 000; Өз алаңында жанкүйерлер көп жинайтын  клубтар алтылығы 1. «Шахтёр» — 59 500 ; 2. «Актөбе» — 54 000; 3. «Атырау» — 53 000; 4. «Астана» — 50 000; 5. «Ертіс» — 49 700; 6. «Тобыл» — 49 100. Думан Балықбаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×