Жастар дайындықтарын пысықтайды

10.01.2013, 09:19
Жастар дайындықтарын пысықтайды
Өз кезегінде бұл жаттығу жиыны Достастық кубогы алдындағы дайындық пысықтау жұмыстары болмақ. Өздеріңіз білесіздер, 18-27 қаңтар аралығында Санкт-Петербургте «Достастық кубогы – 2013» халықаралық дәстүрлі турнирі өтеді.

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Астанаға жиналды. Осы жас мөлшеріндегі құрамамыз 6-15 қаңтар аралығында Беларусь маманы Сергей Боровскийдің қол астында жаттығу жиынын өткізеді.

Өз кезегінде, бұл жаттығу жиыны Достастық кубогы алдындағы дайындық пысықтау жұмыстары болмақ. Өздеріңіз білесіздер, 18-27 қаңтар аралығында Санкт-Петербургте «Достастық кубогы – 2013» халықаралық дәстүрлі турнирі өтеді.

Елордадағы жатығу жиыны барысында Қазақстан U-21 құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді. 12 қаңтар күні «Болат» (Теміртау) клубымен кездессе,14 қаңтарда «Астана-1964» клубымен доп додасына түседі.   Астанадағы жиынға мына футболшылар шақыртылыпты: Қақпашылар:  Сергей Ткачук («Шахтер» Қарағанды), Станислав Павлов («Ақтөбе»); Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы» Шымкент), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Мақсат Әмірханов («Тараз»), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Сергей Григорьев («Оқжетпес» Көкшетау); Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Бауыржан Исламхан («Тараз»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Шерхан Бауыржан («Тараз»), Әлібек Аяғанов («Ертіс» Павлодар), Азамат Жақсыбаев («Ақ Бұлақ» Талғар), Игорь Пикалкин («Шахтер» Қарағанды), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау), Илья Калинин («Қайрат» Алматы); Шабуылшылар: Қуаныш Бегалин («Екібастұз»), Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанды), Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды). алашарена.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×