«Астана» Италия маманына сенім артпақ

10.01.2013, 09:22
«Астана» Италия маманына сенім артпақ
Түркияның Анатлия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан елорданың "Астана" футбол клубы жақын күндері көпшілікке жаңа бас бапкерін таныстырмақ. Команданы итальяндық маман Даниэлле Арригони жаттықтыруы мүмкін.
Түркияның Анатлия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан елорданың "Астана" футбол клубы жақын күндері көпшілікке жаңа бас бапкерін таныстырмақ. Команданы итальяндық маман Даниэлле Арригони жаттықтыруы мүмкін.  Отандық "Спортс.кз" сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, италияндық маманмен келіссөздер жүргізіліп, екі тарап өзара келісімге келіп қойған екен. Тек құжаттарға қол қою рәсімі ғана қалыпты. Бұған дейін Италияның "Чезена" клубын жаттықтырған Даниэле Арригони негізінен Италияның төменгі дивизиондарында қызмет атқарған. Сондай-ақ, А сериясының клубтарын жаттықтыруда да тәжірибиесі бар көрінеді. Дегенмен, одан бөлек, "Астананы" жаттықтырудан ресейлік маман Юрий Красножан да үміткер көрінеді. Ал 6 қаңтарда Түркияға аттанған "Астана" Анталиядағы алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді. Өткен жылғы құрамға қарағанда аса көп өзгерістер жоқ. 2012 жылдың қарашасында Қазақстан кубогын жеңіп алған жігіттердің барлығы сапта. Сонымен қатар, "Шахтердің" қос ойыншысы Александр Киров пен Сергей Гридин де "Астанамен" бірге Анталияда жаттығуда. Алайда, айта кетейік, ұлттық құрамамыздың шабуылшысы Гридин өткен жылғы маусымның екінші жартысын "кеншілер" сапында жалға ойнаған болатын. Тағы бір айта кетерлігі, Анталияға "Астананың" белді жастары аттанған жоқ. Нақтырақ айтсақ, қорғаушы Абзал Бейсебеков пен әмбебап ойыншы Исламбек Қуат жастар құрамасымен бірге Достастық кубогына дайындалуда. Анталияға аттанған "Астананың" құрамы: Қақпашылар: Ненад Эрич, Алексей Белкин, Денис Төлебаев, Римас Мартинкус. Қорғаушылар: Қайрат Нұрдаулетов, Виктор Дмитренко, Евгений Горячий, Александр Киров, Павел Халезов, Дмитрий Каминский. Жартылай қорғаушылар: Валерий Коробкин, Ұлан Қонысбаев, Фокси Кетевоама, Марат Шахметов, Дамир Кояшевич, Ринат Хайруллин. Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев, Сергей Остапенко, Сергей Гридин, Филип Ивановски.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×