Мұстафа Денизли: «Смақовқа үлкен үміт артамын»

10.01.2013, 09:07
Мұстафа Денизли: «Смақовқа үлкен үміт артамын»
Қазақстандық футболшы Самат Смақов Түркияның "Ризеспор" клубымен 1,5 жылға келісімшартқа отырып, тіпті жаңа командасымен алғашқы жаттығуына қатысып та үлгерді. Қорғаныс ше

бінің тірегі Самат "Ризеспорда" 22 нөмірде ойнайтын секілді.

Қазақстандық футболшы Самат Смақов Түркия

ның "Ризеспор" клубымен 1,5 жылға келісімшартқа отырып, тіпті жаңа командасымен алғашқы жаттығуына қатысып та үлгерді. Қорғаныс шебінің тірегі Самат "Ризеспорда" 22 нөмірде ойнайтын секілді.

Түркияның fanatik.tr спорттық сайтына сұхбат берген клубтың бас бапкері Мұстафа Денизли бұл келісімшарттың "Ризеспорға" берер пайдасы көп екенін айтып, Смақовқа үлкен үміт артатынын сездірді. — Самат Смақов - өте тәжірибелі ойыншы. Жастарымызға үлгі болады деп ойлаймын. Кезінде Қазақстан ұлттық құрамасының да намысын абыроймен қорғаған. Оның үстіне, бұл футболшының Түркия алаңына бейімделуі аса көп уақытты қажет етпейді деп ойлаймын. Өйткені, біздің командада тағы бір қазақстандық: Давид Лория бар. Екеуі жақын дос екен. Ендеше Давид өзінің отандасына көмектесетін болады, - деді Мұстафа Денизли. Айта кетейік, 34 жастағы жерлесіміз өзінің футболшылық ғұмырында "Елімай", "Ертіс", "Жеңіс", "Қайрат", "Ақтөбе" клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Ресейдің "Ростов" командасында да доп тепкен. Ұлттық құрама жейдесін 59 рет киген Самат алты рет Қазақстан чемпионы атанған. Екі рет ел кубогын басынан асырып, төрт рет еліміздің ең үздік ойыншысы болған. Кеше жаңа командасының сапында медициналық тексерістен өткен қорғаушымыз бүгін клубпен 1,5 жылдық келісімшартқа отырды. "Ризеспордың" жиындарында 22-нөмірлі жейдемен ойқастап жүр. алашарена.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×