Қазақстан чемпионаты 104-і орында

10.01.2013, 09:05
Қазақстан чемпионаты 104-і орында

Үздік жүз біріншіліктің қатарына кіру бақыты бұйырмай қалды. IFFHS түзген тізімде Қазақстан құрамасының алдын орап Мальта елінің біріншілігі тұр. Ал, бізден кейін Танзания чемпионаты орналасқан.

Халықаралықфутболтарихы мен статистикасы ұйымыүздікелбіріншіліктерініңрейтингінтүзді. Негізінен, бұлұйымныңмәлімдемелері көпшіліктіңкөңіліненшығабермейді. Алайда, 1984 жылы іргесі қаланғанмекемежылсайынүздікфутбол клубтарыныңрейтингінжариялаптұрудыәдеткеайналдырған. Жақындааталғанұйымүздікелчемпионаттарыныңкестесіндайындапты.

Көш басында көзіміз үйренген испандықтар. Испания құрамасының мықтылығына келтірер шүбәміз жоқ. Бірақ, Испания чемпионатынан гөрі шытырман оқиғалы ойындарға толы ағылшын премьер-лигасының көрермені көп сияқты көрінеді. Алайда, футбол тарихы және статистикасы халықаралық ұйымы Англия премьер-лигасын 5-і сатыға бір сырғытыпты. Мүмкін, еурокубоктық додаларға, әсіресе Еуропа лигасында испан клубтарының сәтті өнер көрсетіп жүргенін нысанаға алған болар.

Қазақстанның заңғар лигасы біл тізімде 104-і орында. Үздік жүз біріншіліктің қатарына кіру бақыты бұйырмай қалды. IFFHS түзген тізімде Қазақстан құрамасының алдын орап Мальта елінің біріншілігі тұр. Ал, бізден кейін Танзания чемпионаты орналасқан.  Украина чемпионаты 11-і, Ресей  19-ы, Өзбекстан біріншілігі 54-і, Әзірбайжандағы доп додасы 84-і сатыда.

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы ұйымы бұл тізімді қандай негізге сүйеніп құрғанын білмейміз... Сондықтан, Қазақстан премьер-лигасын қандай орынға қойса да,біз отандық чемпионаттың көрермені болып қала береміз...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×