Мессидің покері!!!

08.01.2013, 20:53
Мессидің покері!!!

Әлемнің үздік футболшысы - Лионель Месси! Испандық “Барселонаның” аргентиналық шабуылшысы төртінші жыл қатарынан халықаралық футбол қауымдастығының тұжырымы бойынша “алтын доп” иегері атанған тұңғыш футболшы. Швецарияның Цюрих қаласында өткен марапаттау рәсімінде сондай-ақ үздік бапкер мен ең әдемі гол номинациясы бойынша үздіктер есімі белгілі болды.

Өткен маусымда Месси “Барселонамен” айтарлықтай табысқа жепесе де, жеке көрсеткіштері таңдай қақтырады. Ол Испания чемпионатында ең көп гол соққан. Ал ең бастысы бір жыл көлемінде қарсылас қақпасына 91 доп тоғытқан аргентиналық әйгілі Герд Мюллердің өзін басып озды. 41 пайыз дауыс жинаған Месси бұл көрсеткіш бойынша командаласы Андрес Иньеста мен “Реал” жұлдызы Криштиану Роналдуды артта қалдырған. Ал жылдың ең үздік бапкері болып Испания құрамасымен Еуропа чемпионатын жеңіп алған Висенте Дель Боске танылды. Жылдың ең әдемі голына берілетін Ферец Пушкаш атындағы арнайы сыйлық бұл жолы “Фенербахче” клубының ойыншысы Мирослав Стохтың еншісінде.          Елдос Қамбалиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×