Жастар қарсыластарын Астанада қабылдайды

23.05.2012, 01:55
Жастар қарсыластарын Астанада қабылдайды
Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Еуропа чемпионаты іріктеу додасы аясындағы алдағы екі кездесуін Астанада өткізетін болды деп хабарлайды "Алаш арена" сайты.
Слободан Крчмаревич шәкірттері екі ойында да қонақтарды "Астана-Арена" стадионында қабылдайды. 8 маусым сағат 20.45-те Қазақстан жастары Франция құрамасына қарсы алаңға шықса, 12 маусымда сағат 19.00-де Латвия құрамасымен алаңға шығады. Екі ойынға да стадионға кіру бағасы тегін.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×